М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Мамандықтар

Электроэнергетика

5В071800

189000₸/жыл

Барлық тізімді көрсету 12
Тараз · Қазақстан

Оқу тілі

  • Қазақша
  • Орысша
  • Грант Иә
  • Әскери кафедра Иә
  • Кiтапхана Иә
  • Жатақхана Иә
  • Асхана Иә
  • Зертхана Иә
  • Wi-Fi Иә
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті - Тараз қаласында орналасқан жоғарғы оқу орыны.

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Республикамыздағы ең ірі мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет 57 мамандық бойынша бакалавриат, 31 мамандық бойынша магистратура және 6 мамандық бойынша PһD – доктарантура мамандарын дайындайды. ТарМУ-да барлық мамандықтарға гранттар бөлінген. Сонымен қатар, университетте әскери кафедра жұмыс істейді. Университетте 40 кафедраны біріктіретін 7 факультет бар. Олар: Мұнай газ ісі, энергетика және машиналар технологиясы; су шаруашылығы, экология және құрылыс; ақпараттық жүйе және технология; гуманитарлық және инженерлік–экономикалық мамандықтар. Студенттердің контингентті 10 мың, оның ішінде 1023- мемлекеттік грант бойынша оқиды. 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ИСО – 9000-2001 Халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған. Жан-жақты басқару «Университет» интегривті білім жүйесін жасау мен ендіру, яғни Visual FoxPro және Delphi бағдарламалау тілімен SQL Server платформасының базасы жолымен сапалы және үздіксіз ақпарат алмасуға қол жеткізді. 2008 жылы басқару үрдісіне «Tamos University Suite» білім порталы енгізілді. Соның көмегімен білімгерлер сабақ кестесін, сабақ үлгерімін жылдам көре алады және силлабустарын on-lineға аударып алады.

      Соңғы 5 жылда университет аймақ пен республикаға қажетті 13000-нан астам маман дайындады. Бітірушілердің сапасы мен қажеттілігі олардың барлығының жұмыспен толық қамтылуынан көрінеді. 2008-2012 жылдар аралығында бітірушілердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 86%-дан жоғары болды. 

      ЖОО-да 10 факультет: экономика және бизнес факультеті; заң факультеті; Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті; Мұнай, газ және механика факультеті; Технологиялық факультеті; Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеті; Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті; Инженерлік-экономикалық мамандықтар факультеті (Қаратау қ.); жоғары оқу орнынан кейінгі білім факультеті; сырттай оқу факультеті. Бұл факультеттердің құрылымында әскери кафедраны қоса алғанда 45 кафедра жұмыс істейді. Білім алушылардың жалпы контингенті 12 мыңнан астам адамды құрайды,оның ішінде 2 мыңға жуық адам мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды.                        

      Халықаралық алмасу мен тағылымдамалар университет академиялық алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер туралы шарттарға сәйкес ұйымдастырады. Қазіргі уақытта университет пен Германия, Түркия, Польша, Франция, Қытай және т.б. елдердің жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық туралы шарттар жасалды. Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушылар шетелдік жоғары оқу орындарына және кәсіпорындарға жіберілуі мүмкін: Аграрлық неміс академиясы (Германия), В. Корфантой атындағы жоғары деңгейлі экономикалық университеті (Польша), Баликесир университеті (Түркия), Лоррейн университеті (Франция), Катовицадағы экономикалық университеті (Польша), Лодзь университеті, Линкопин университеті (Швеция), Александр Стулгинкис университеті (Литва), Шихези университеті (Қытай).                  

   ТарМУ-да қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2013 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Люблин техникалық университеті (Польша) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

  • Тараз қ. Төле би көш. 60 Тараз, Қазақстан

  • Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 01/05/2019

  • +7(772)624-57-39
  • ussen.sagynysh@bk.ru