әл-Фараби ҚазҰУ

Мамандықтар

Электрлік энергетика

5В071800

1223000₸/жыл

Барлық тізімді көрсету 266
Алматы · Қазақстан

Оқу тілі

  • Қазақша
  • Орысша
  • Ағылшынша
  • Грант Иә
  • Әскери кафедра Иә
  • Кiтапхана Иә
  • Жатақхана Иә
  • Асхана Иә
  • Зертхана Иә
  • Wi-Fi Иә

Әл-Фараби ҚазҰУ Орталық Азиядағы жетекші университет және еліміздің жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің көшбасшысы болып табылады, әлемнің 800 үздік университеттерінің арасында QS халықаралық рейтингісінде 220 орын алады.

UI Green Metric Ranking of World Universities жаһандық рейтингісінде ҚазҰУ 172-ші орынға ие болды және осылайша ең экологиялық университеттердің топ-200-ші позициясын нығайтты. Times Higher Education Британ агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азия университеттерінің арасында бірінші болып әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. ARES еуропалық рейтингісінде (Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата) ҚазҰУ АА бағасын алып, жетекші еуропалық ЖОО қатарына енді.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді. Университетте 3 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары жұмыс істейді, жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер, магистранттар доктораттар білім алуда. әл-Фараби ҚазҰУ әлемнің 500 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтасамыз.

әл-Фараби ҚазҰУ білім берудің барлық сатыларында ағылшын тілінде білім беретін мамандарды кең ауқымды даярлауды алғашқылардың бірі болып бастады. Бүгінде біздің ЖОО мамандықтарының 70% - дан астамы ағылшын бөліміне ие, соның арқасында ҚазҰУ-да шетелдік студенттердің ең көп саны білім алуда. ҚазҰУ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен 70-тен астам қос диплом бағдарламасын жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз университет болып табылады.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірге ҚазҰУ "Ізгілік қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы" атты халықаралық жобаны іске асырады. Мәселен, Голландия, Түркия, Иордания, Италия, Қытай, Египет және басқа елдердің жетекші университеттерінде Әл-Фараби атындағы 10 ғылыми-білім беру орталығы құрылды, онда қазақ халқының мәдениеті мен тілі оқытылып, олардың базасында Университет филиалдарын құру жұмыстары жүргізілуде.

  • әл-Фараби даңғылы, 71 Алматы, Қазақстан

  • Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 01/01/2019

  • +7(727)377-33-33
  • international@kaznu.kz