ашық ұсыныс

· Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (БСН 170940025030, «ТАЛАПКЕРЛЕРГЕІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТ ОРТАЛЫҒЫ ECSA.ME» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жарғы негізінде әрекет етуші, Бәкенова М.М., директоры атынан, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын осы Офертаны – азаматқа, шетел азаматына, азаматтығы жоқ тұлғаға кез-келген елдің оқу мекемелерімен (ұйымдарымен), Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының білім беру мекемелеріне оқуға түсуде қызмет көрсету туралы шарт жасасу ресми ұсынысын орналастырады.  

1. Терминдер мен анықтамалар

1.1. Осы Офертаның мақсатында төменде келтірілген терминдер келесі мағынада қолданылады:

Оферта – осы Офертаның ішіндекөрсетілген шарттарда Келісім-шарт жасау үшін кез-келген заңды және жеке тұлғаға жолданатын Оператордың ұсынысы.

Жариялау – осы Офертаның мәтінін www.ecsa.me мекенжайы бойынша Интернет желісінде қолжетімді түрде орналастыруы.

Үміткер (Клиент) – тапсырмасы бойынша Оператор кез-келген елдердің оқу мекемелерімен (ұйымдарымен) азаматқа, шетел азаматына және азаматтығы жоқ тұлғаға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының білім беру мекемелеріне, жақын және алыс шетел елдеріне оқуға түсуге көмек көрсету қызметтерін көрсетуге келісім шарт жасайтын, Оферта Акцептін жүзеге асырған, заңды және жеке тұлға.

Жүйе – шетел талапкерлерін тарту және іріктеу ақпараттық жүйесі, Интернеттегі Жүйенің мекен-жайы– www.ecsa.me .

Қызметтер - Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, алыс және жақын шет елдердің оқу орындарына кіру кезінде азаматқа, шетел азаматына және азаматтығы жоқ адамға көмек көрсету үшін кез келген елдің білім беру ұйымдарының (ұйымдарының) және кандидаттың атынан көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ қосымша қызметтер – сақтандыруды рәсімдеу, трансфер және т.б. Оператордың ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізімін, сондай-ақ төлем тәртібі туралы ақпаратты www.ecsa.me сайтынан білуге болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, квота шеңберінде Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының білім беру мекемелеріне, жақын және алыс шет елдеріне білім алуға Үміткердің өтінішін, Оператор төлем алмай өңдейді.  

Сервистік жиын – ақылы білім беру қызметтерін ұсыну туралы келісім-шарт бойынша (шарт бойынша ақылы оқыту) Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, алыс және жақын шет елдерінің оқу орындарында білім алуға Үміткердің өтінімін қабылдау және өңдеу үшін Оператор тарапынан алынатын төлем.

Өтінім – Үміткер туралы мәліметтерден, таңдалған білім беру бағдарламасы туралы мәліметтерден, Үміткер таңдаған білім беру ұйымдарының тізімінен, ілеспе қызметтер жиынтығынан тұратын, Оператор жүйесінде электронды түрде қалыптастырылған, Үміткердің Операторға тапсырмасы.

Оферта акцепті– Келісім-шартты жасаумен танылатын, Үміткердің Жүйеде www.ecsa.me интернет-порталында тіркелуі арқылы Оферта шарттарымен кез-келген елдердің оқу мекемелері мен Үміткердің толық және сөзсіз келісуі.  

2. Мәні және жалпы шарттары

2.1. Осы Офертаға сәйкес, Оператор кез-келген елдердің оқу мекемелері (ұйымдары) мен Үміткерге, азаматқа, шетел азаматына және азаматтығы жоқ тұлғаға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, жақын және алыс шет елдердің білім беру мекемелеріне оқуға түсуге көмек көрсету бойынша қызметтерін көрсетуге, ал кез-келген елдің оқу мекемесі (ұйымы) осы қызметтерді төлеуге міндеттенеді.

2.2. Осы Оферта негізінде, кез-келген елдердің оқу мекемелеріне (ұйымдарына) және Үміткерге көрсететін Оператор қызметтерінің тізімін, Үміткер Оператор сайтында Өтінімді он-лайн толтыру арқылы айқындайды. Әр өтінімге бірегей нөмір беріледі.

2.3. Үміткердің Оператор сайтында толтыру кезінде Өтінім нысанына еңгізілген деректерді растауы және оның кез-келген елдің оқу мекемесіне (ұйымына) түсуі, кез-келген елдің оқу мекеме (ұйым) тарапынан да, Үміткер тарапынан да осы офертаның толық және сөзсіз акцепті болып табылады.

2.4. Оператор Үміткерді Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының білім беру мекемелеріне, жақын және алыс шет елдеріне оқуға қабылдау туралы  шешімдерді қабылдамайды, іріктеу іс-шараларын ұйымдастырмайды және атқару билік органдары мен білім беру ұйымдары тарапынан Үміткердің өтінішін қарастыру/қарастырусыз қалдыру нәтижесіне жауапкершілік алмайды.

2.5. Үміткердің ақылы білім беру қызметтерін алу туралы келісім-шарттар бойынша оқуға деген Өтінімі Оператордың www.ecsa.me сайтында Үміткердің өтінім толтыруы арқылы орналастырады, ал Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, жақын және алыс шет елдерінің білім беру мекемелері Оператордың www.ecsa.me сайтында орналастырылған өтінімдерді қарастырады.

3. Қызметтерді көрсету мерзімі

3.1. Оператор қызметтерді көрсетуге Үміткердің білім беру қызметтерін алу үшін Оператор жүйесінде Өтінім толтырған күнінен бастап кіріседі. Өтінімді орындау мерзімі, Үміткердің таңдаған тапсырмалары мен қызметтер көлемінен жинақталады.

4. Бағасы мен төлем жүргізу тәртібі

4.1. Оператор маманы өтінімді тексергеннен кейін және Үміткер оқу мекемесіне (ұйымына) түскеннен кейін, Оператор қызметтерді төлеуге шот шығарады, ол кез-келген елдің оқу мекемесі (ұйымы) тарапынан 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленуі тиіс. 

4.2. Оператордың ақылы қызметтерінің құны Үміткердің Өтінімде таңдаған қызметтер саны мен көлеміне сәйкес анықталады. Оператор қызметтерінің бағалануы туралы ақпарат Үміткерге www.ecsa.me сілтемесі бойынша қолжетімді.

4.3. Егер оқу мекемесі (ұйымы), төлеушіден банк немесе төлем жүйесінің комиссиясы алынатын төлем тәсілін таңдаған жағдайда, оқу мекемесі (ұйымы) Оператор шотына сервистік және/немесе комиссиялық жиын (көрсетілген қызметтерге төлемдер) сомасы толық көлемде түсетіндей, төлемді жүзеге асыруы тиіс.

4.4. Үміткерді (Клиентті) тізімге кіргізгеннен кейін және білім беру ұйымына (оқу мекемесіне) білім беру қызметтеріне төлем жасағаннан кейін, Үміткердің Өтінім бойынша төленген қызметтерді алудан бас тартуға құқығы жоқ, Оператор алған ақшалай қаражаттар қайтарылмайды.

5. Қызметтерді көрсету шарттары

5.1. Орындаушы Үміткерге оның Өтінімі бойынша қызметтерді көрсету барысы туралы хабарлауға міндеттенеді. Үміткердің кез-келген уақытта Жүйеде Өтінімді орындау барысын бақылауға мүмкіндігі бар.

5.2. Оператордың қызметтері тізімі Үміткерге өз есептік жазбасымен Жүйеге кірген кезде қолжетімді.

5.3. Егер Өтінім бойынша қызметтерді көрсету нәтижесі Оператордың Үміткер пайдасына құжатты алу болса, көрсетілген құжат түпнұсқасын Оператор Үміткер Өтінімде көрсеткен мекенжайы бойынша жолдайды. Оператор Үміткерге пошта жөнелтілімінің сәйкестендіру нөмірін және жөнелту күнін хабарлайды. Оператор Үміткер, оның кінәсі бойынша: Үміткердің көрсетілген мекенжайы бойынша болмауы, Үміткердің алушы мекенжайын толтырудағы жіберген қателіктері және т.с.с. себептермен құжатты алмағаны үшін жауапкершілікті атқармайды.

5.4. Осы келісімшарт бойынша қызметтерді көрсету процесінде Оператор Үміткер және оқу мекемесінің қызығушылығын басшылыққа алады.  

5.5. Үміткер және оқу мекемесі Операторға қызметтерді көрсету үшін барлық қажетті ақпараттар мен құжаттарды, соның ішінде алғашқы деректерді ұсынуға міндеттенеді.

5.6. Үміткер, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, Өтінімді орындау барлық мерзімі ішінде және өтінімді жабу  күнінен бастап 4 жыл ішінде, Оператор қызметтерді көрсетуді орындау мақсатында оның жеке деректерін өндеуге өз келісімін береді.

5.7. Үміткер Операторды, ол тапсырыс берген қызметтері құқыққа қарсы мақсаттарда, кез- келген азаматтардың, мемлекеттердің, үкіметтердің, шенеуніктердің, ұйымдар мен жалпы әлем тәртібі мүддесіне қарсы пайдаланылмайтыны туралы сендіреді. Осы Оферта бойынша қызметтерді көрсетуге тапсырыс, Үміткер қылмыс жолымен алған ақшалай қаражаттарды жария етумен байланысты емес.  

6. Өзге шарттар

6.1. Осы оферта шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларымен регламенттеледі.

6.2. Оператор оферта шарттарына өзгерістер енгізуге және/немесе өз қарастыруы бойынша кез-келген сәтте офертаны шақыртып алу құқығын өзіне қалдырады. Оператор офертаға өзгерістер енгізген жағдайда, мұндай өзгерістер офертаның өзгертілген мәтінін Оператор сайтында орналастыру сәтінен бастап күшіне енеді, егер өзгерістер күшіне ену өзге мерзімі, мұндай орналастыру кезінде қосымша белгіленбесе.

Интернет желісінде орналастыру мекенжайыwww.ecsa.me